Аңдатпа
Аңдатпа. Мақала 1991 жылғы Парсы шығанағы соғысының әскери-саяси табиғатын терең талдай отырып, оның Таяу Шығыс аймағындағы геосаяси тепе-теңдікке әсерін кешенді түрде қарастырады. Зерттеуде АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің Иракқа қарсы жүргізген «Desert Shield» (Шөл Қалқаны) және «Desert Storm» (Шөл Дауылы) операцияларының мақсаттары, стратегиялық міндеттері және жүзеге асу кезеңдері жан-жақты сипатталады. Кувейтті азат ету операциясы аясында құрлық, теңіз және әуе күштерінің өзара әрекеттестігі, соғыс қимылдарының жаңа тактикалық үлгілері және жоғары технологиялық қару-жарақтың басымдығы ерекше талданады. Сонымен қатар, мақалада халықаралық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер, соғыстың БҰҰ беделіне әсері және АҚШ-тың әлемдік көшбасшылық позициясын нығайтуы сияқты саяси мәселелер қамтылады. Автор Таяу Шығыстағы күштер тепе-теңдігінің өзгеруін, Иракқа қарсы салынған экономикалық санкциялардың салдарын және аймақтағы ұзақмерзімді тұрақсыздық факторларын көрсетеді.Зерттеу тек әскери стратегиямен шектелмей, соғыстың әлеуметтік-психологиялық салдарын да қарастырады. Коалиция күштері мен Ирак әскері қатарындағы сарбаздардың моральдық күйі, соғыс кезінде туындаған психологиялық қысым, отбасынан алшақтық, соғыстан кейінгі бейімделу қиындықтары және посттравматикалық стресс синдромы нақты мысалдар арқылы ашылады. Сондай-ақ, әскери қақтығыстың медиа кеңістікте көрсетілуі, ақпараттық соғыстың алғашқы нұсқаларының қолданылуы және қоғамның соғысқа көзқарасы талданады.

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
Авторлық құқық (c) 2025 MEDIEVAL HISTORY OF CENTRAL EURASIA